Университеттерді цифрлық трансформациялау стратегиялық басымдықтарды, жобаларды іске асыруды және жасанды интеллект тәуекелдерін бақылауды өзара үйлестіруді талап етеді, алайда іс жүзінде бұл функциялар әртүрлі құрылымдық бөлімшелер арасында бөлініп, көбіне бірізді жұмыс істемейді. Зерттеудің мақсаты - цифрлық портфельді басқаруды, жобаның гибридті өмірлік циклін және жасанды интеллектіні қолдануды бақылауды жоғары оқу орнының бірыңғай басқару архитектурасында біріктіретін практикалық үшконтурлы модель әзірлеу. Әдіснамалық негіз ретінде мақсатты интегративті шолу мен тұжырымдамалық модельдеу қолданылды. Зерттеу корпусы 60 дереккөзді қамтыды: 43 ғылыми жарияланым мен монография, 12 халықаралық стандарт, рамалық және әдістемелік құжат, сондай-ақ Қазақстанның 5 нормативтік және ресми дереккөзі. Талдау барысында басқарушылық рөлдер, рәсімдер, міндетті құжаттар, тәуекел санаттары, көрсеткіштер және шешім қабылдау нүктелері салыстырылды. Нәтижесінде бастаманы іріктеуден бастап енгізілгеннен кейінгі мониторингке дейінгі бес дәйекті шешім нүктесі арқылы байланысқан стратегиялық, жобалық және бақылау контур-ларынан тұратын модель ұсынылды. Әрбір нүкте үшін қажетті дәлелдер, ықтимал шешімдер және түпкілікті шешім қабылдайтын бір жауапты тұлға айқындалды; бұған қоса тәуекел жіктемесі мен үш контурдың жеке жетілу профилі әзірленді. Ғылыми жаңалық университет портфелі, жобаны іске асыру тәсілі және жасанды интеллектіні бақылау арасындағы мезодеңгейлік байланысты нақты басқару тетіктері арқылы операцияландырудан көрінеді. Модельдің практикалық маңызы оны жергілікті регламент әзірлеуге, өкілеттіктерді бөлуге және пилоттық енгізуді жоспарлауға пайдалануға болатындығымен айқындалады; оның нәтижелілігі кейінгі сараптамалық және эмпирикалық тексеруді қажет етеді.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДАҒЫ AI GOVERNANCE ЖӘНЕ ЖОБАЛАРДЫ ГИБРИДТІ БАСҚАРУ МОДЕЛІ
Жарияланды September 2026
5
2
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілт сөздер
цифрлық трансформация
жоғары білім
жасанды интеллектіні басқару
жобаларды гибридті басқару
портфельдік басқару
адам бақылауы
жасанды интеллект тәуекелі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Анартаева, А. and Көшербаева, А. 2026. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДАҒЫ AI GOVERNANCE ЖӘНЕ ЖОБАЛАРДЫ ГИБРИДТІ БАСҚАРУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 95, 3 (Sep. 2026), 42–61. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.95.3.003 .

