Бұл мақалада мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы «сапа» ұғымының негіздері, сондай-ақ оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі зерттелген. Мақалада «сапа» ұғымының қызмет көрсетуге қатысты эволюциясы және оның қазіргі заманғы мағынасы қарастырылады. Мемлекеттік қызметтер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатындықтан бұл тақырып өзекті. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейі халықтың өмір сүру деңгейін тікелей көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер ететін негізгі факторлар анықталған. Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау ерекшеліктері және үкіметтік емес ұйымдардың осы процеске қатысу рөлі қозғалады. Мақала барысында осы саладағы нормативтік реттеу саласындағы кейбір проблемалар анықталып, жаңа термин енгізу бойынша ұсыныстар беріледі.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ «САПА» ҰҒЫМЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланды September 2020
146
237
Аннотация
Тілі
Қазақ
Как цитировать
[1]
Жумашева , .М. 2020. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ «САПА» ҰҒЫМЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 152–158. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-8940.21.
