Аңдатпа
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің анықтамасы, қалыптасуы, теориялық аспектілері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Берілген мақалада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік сипатының әртүрлі аспектілерін, осы қарым-қатынас түрінің құрылуы мен қызмет ету процестерін зерттеген шетелдік ғалымдардың еңбектері, көрші Ресей экономикалық әдебиеттерде мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын дамуына маңызды үлес қосқан ғалымдардың еңбектері зерделенеді. Сондай-ақ, Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі механизмінің пайда болуы, қалыптасуы үрдісі және дамуы қарастырылған.