Мақалада Қытайдың қалыптасуынан басталып, бүгінгі күнге дейінгі гендерлік саясаты талқыланады. Гендерлік теңсіздікке талдау жасай отырып, гендерлік теңсіздік, ұлттың қартаюы, саясаттағы немесе басшылық лауазымдардағы әйелдердің аз болуы және білім беру саласында аз болуы сияқты салдарға алып келгені айтылады. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында енгізілген
«отбасыны жоспарлау» мәселелері қамтылады, оған сәйкес 1 отбасының тек бір ғана баласы болуы мүмкіндігі, сонымен бірге 2013 жылы екі бала асырауға рұқсат берілгені туралы өзгерістер енгізілгені айтылады. Сонымен қатар гендерлік теңсіздікті жеңудің жолдарын қарастырады.