Бұл мақала әйелдердің босанғаннан кейінгі депрессиясының себептерін анықтауға, жүйелеуге және талдауға бағытталған. Көрcетілген шектеулерге қарамастан, бұл әлеуметтік-психологиялық сипаттағы күрделі мәселе. Шынында да, босанғаннан кейінгі депрессияның көрінісі тек әйелдің өзіне ғана емес, сонымен бірге оның баласына, басқа балаларына, күйеуіне, яғни, бүкіл отбасына айтарлықтай әсер етеді. Босанған әйелдердің әлеуметтік оқшаулану сезімі оның психикасына, әсіресе табысты әйелдер арасында қатты әсер етеді. Әріптестермен байланыс әлсірейді немесе мүлдем жойылады, кәсіби даму деңгейі төмендейді, үй қызметінде нақты нәтижелер болмайды. Үйдің тірлігі шектеусіз, сондықтан ол үшін әйелге ешкім рахмет айтпайды. Мақалада, сондай-ақ босанғаннан кейінгі депрессияны алдын алу ұсыныстары берілген.
Əйелдердегі постнаттальді депрессияны тудыратын себептерді анықтау, жүйелеу жəне талдау
Жарияланды June 2021
204
226
Аннотация
Тілі
Қазақ
Как цитировать
[1]
Төрегелдиева, А. і Амитов, С. 2021. Əйелдердегі постнаттальді депрессияны тудыратын себептерді анықтау, жүйелеу жəне талдау. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 70, 2 (Чер 2021), 57–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-8940.09.
