Саясаттанушылар арасында «Араб көктемі» кезіндегі революциялар туралы пікірталас әлі де өзекті болып отыр. Әсіресе сол жерде әрекет еткен күштер туралы пікірталас толастар емес. Бұл әскери элитаның қалай да болса билікті өз қолдарыда ұстап қалуға және өз артықшылықтарын сақтап қалуға ұмтылып, шетелдердің араласуына жол беруімен байланысты.
Араб көктемін өз мақсаттары үшін пайдалануға тырысқан шетелдердің интервенциясы араб әлеміндегі жағдайды одан әрі ушықтырды. Мақалада автор «араб көктемі» революцияларының нәтижесіне ықпал еткен кейбір факторларды қарастыруға талпыныс жасайды.