Осы мақала мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру мәселелеріне арналған. Автор саяси және құқықтық нормалардың шығу тегі мен өзара әрекеттесуін талдайды. Мақалада сондай-ақ саяси сана мен құқықтық сана туралы мәселе қойылады. Осы мақалада мемлекеттік саясаттың құқықпен өзара байланысы мен өзара іс-қимылы проблемасы неғұрлым маңызды екенін пнықтайды.
Автор тек қана құқыққа негізделген саясат, әділеттілік саясаты ретінде құқықтық саясатты жүргізу қажеттілігі туралы тұжырымға келеді. Құқықтық саясаттың негізгі бағыттары талданған. Құқықтық саясатты қалыптастырудың проблемалық аспектілері анықталу мәселелері зерделеген.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қозғау туралы, жала жабу туралы баптарын қолдану, сондай-ақ митингілер мен демонстрациялар өткізу мәселелері қозғалған.