Андатпа
Автор мақалада жастар арасында құқықтық білім берудің ролі мен маңыздылығы туралы кешенді зерттеулер қорытындыларымен таныстырады. Құқықтық ағарту ісінің жастардың құқықтық санасының жетілуінің шешуші факторы екендегіне дәлелдеме келтіреді. Саяси шешімдердің, сот төрелігінің, құқық қорғау органдарының қызметінің нәтижесі де құқықтық ағарту ісінің маңызды қадамы. Мақалада болашақ ұрпақ арасында құқықтық ағарту ісінің амалдары келтіріліп, әрқайсының ролі айқындалады. Сонымен қатар, жастарды қолдау шешімдері мен құқықтық саясат бағыттарының қатар жүруі қажеттілігі нақтыланады. Қорытындыда, жастардың құқықтық санасын қалыптастыру ісін ұйымдастыру бойынша нақты жағдайлар сипатталады.