Мақала орта білім саласындағы оқушылардың фальсеоинтеракция мәселелеріне бағытталған. Мақалада «фальсеоинтеракция» ғылыми талдаудан өтті. Фальсеоинтракция – бұл екі актордың де өтіріктің айтылғанын (жалғандық, алдау) білуімен және сол өтірікті шындық үшін бір уақытта қабылдаумен (немесе қабылдауға еліктеумен) сипатталатын ерекше түрдегі өзара әрекеттесу болып табылады.Мақаланың негізгі мақсаты орта білім саласындағы оқушылар арасында фалсеоинтеракция арқылы ақпараттың шынайылығы мен жалғандығы арасындағы байланысты түсіндіріп, бұл мәселенің өзектілігінің деңгейін соңғы жылдарда жарық көрген арнайы зерттеулер мен ғылыми мақалалардың негізінде анықтау болып табылады.Авторлардың алға қойған міндеттерінің бірі тақырып аясында әлеуметтанулық талдау барысында жалпылама теориялық көзқарастарды саралап, арнайы әлеуметтанулық зерттеулер мен ғылыми мақалалардың негізінде бұл құбылыстың қалай түсіндірілетіндігін анықтау
ОРТА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ФАЛЬСЕОИНТЕРАКЦИЯ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
Жарияланды March 2021
98
63
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
фальсеоинтракция
өтірік және шындық
орта білім саласындағы оқушылардың фальсеоинтеракциясы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Төлеген, Э. і Морозова, Т. 2021. ОРТА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ФАЛЬСЕОИНТЕРАКЦИЯ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 203–212. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-8940.29.