Кәзіргі кезде елімізде демографиялық дисбаланс қалыптасып, күшеюде. Статистикалық деректерге сәйкес, солтүстік өңірлерде (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) халық саны (барлығы шамамен 2,2 млн. адам), орналасу тығыздығы 6,8 млн. адам тұратын оңтүстік өңірлермен (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары) салыстырғанда, едәуір аз.
Болжамды деректер бойынша, 2050 жылға қарай солтүстік өңірлердің халқы 0,9 млн. адамға азаюы, ал оңтүстік өңірлердегі халықтың 5,2 млн. адамға артуы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы солтүстік өңірлердің тиісті көрсеткішінен 4 есе асатын болады. Осы дисбалансты қалпына келтіру іс-шараларының бірі ретінде оңтүстік өңірлерден солтүстік аймаққа халықты өз еркімен орналастырудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істей бастады. Солтүстікке көшіп барғандар үшін біраз жағдай жасалған, түрлі жеңілдіктер, материалдық стимулдар бар. Бірақ бұл бағдарламаның жақсы жақтарымен қоса, түзетілуі тиіс кемшін тұстары да айтылып жүр. Ол кемшіліктерді қалай түзеуге болады? Мақалада осы сұраққа жауап іздеп көреді.