РӘСІМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ: КЕЙБІР ПАЙЫМДАУЛАР
Жарияланды June 2021
154
128
Аннотация
Мақалада әлеуметтік іс-әрекет ретіндегі рәсімнің мәні мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Бұл феноменнің табиғатын зерттеу, ең алдымен, «рәсім» ұғымын және онымен байланысты құбылыстарды анықтайтын әртүрлі тәсілдемелерді талдауды қажет етеді. Осыған орай, автор «рәсім» ұғымына берілген дифиницияларды сараптай отырып, «рәсім» дегеніміз рәміздік мәнге ие нақты іс-әрекеттердің жиынтығы деген қорытынды жасайды. Рәсімнің рәміздік табиғатын оның құдіретті, сакралды әлеммен байланыстырушы рөлінен байқауға болады. Мақалада дәстүрлі қоғам адамының санасында сакралды әлемнің нақты әлемде көрініс табуы рәсім арқылы жүзеге асатыны атап өтілген. Сонымен қатар, мәдениеттің архаикалық формасы бола отырып, рәсім ұжымдық өмірді реттеуші және сақтаушы құрал болып табылады. Рәсім адамзат қауымдастығын біріктіруші, оның тұтастығын, тұрақтылығын қамтамасыз етуші. Сондықтан, мақалада рәсімнің қоғам өмірінде және жеке адам өмірінде атқаратын әлеуметтік функцияларына да көңіл бөлінеді.
Тілі
Қазақ
Как цитировать
[1]
Мадалиева, Ж. 2021. РӘСІМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ: КЕЙБІР ПАЙЫМДАУЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 74, 2 (Чер 2021), 67–71. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-8940.10.
