Мақалада Қазақстандағы ХХ ғасырдың басындағы жәдітшіл қозғалыстың қарқынды жұмыстары мен кеңес үкіметі тұсындағы дін саясаты жөнінде тарихи деректерге шолу жасалған. Сонымен қатар қазақ интелегенциясының білім саласын реформалаудағы жәдіттік мектептердің үлес қосқандығы жөнінде нақты мұрағат деректері арқылы көрсетілген. Патшалық Ресей тұсындағы жәдіттік мектеп өкілдерінің ұлттық интелегенциядағы орнымен еңбектері сараланып тұщымды дәйектермен нақтыланған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі Қазақстандағы мұсылмандық ахуалға қатысты саясаты мұрағат деректері арқылы нақты келтірілген. Мақалада ХХ ғасырдың басынан бастап кеңестік биліктің репрессиялық саясатының қарқынды түрде іс жүзіне асуына дейінгі кезең қамтылған. Тарихи деректерді зерттеу нәтижесінде жәдітшіл мектептер мен медреселердің қазақ қоғамындағы табанды саяси көзқарастың қалыптасуына сүбелі үлес қосқандығы тарихи деректер арқылы дәлелденген.
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ ТҰСЫНДА ЖӘНЕ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДІТТЕР ЖӘНЕ ЕЛ ІШІНДЕГІ ДІНИ САЯСАТ
Жарияланды December 2021
233
120
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
жәдіттік мектептер
медресе
патша үкіметі
қазақ интеллигенциясы
діни көзқарастар
ұлттық қозғалыс
коммунистік идеология
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шылмамбетов, С. 2021. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ ТҰСЫНДА ЖӘНЕ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘДІТТЕР ЖӘНЕ ЕЛ ІШІНДЕГІ ДІНИ САЯСАТ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 64–74. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-8940.02.