Жапония саясатында билік басында ұзақ мерзімде қызмет атқаратын немесе екінші рет сайланатын премьер-министрлер өте сирек кездеседі. Синдзо Абэ билік басына 2012 жылы екінші рет сайланған премьер-министрлердің бірі болып танылды. Оның 2006-2007 жылдардағы алғашқы билігі сәтсіздікке ұшырағанымен, бұл оның қателіктерін түзетуге екінші мүмкіндік алуға кедергі болмады. Екінші рет келген кездегі оның ұсынған саясаты «Абэ доктринасы» терминімен белгілі. Абэ Доктринасы Синдзо Абэ кабинеті кезіндегі Жапония саясатының ұстанған негізгі бағыты ретінде мемлекеттің қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қоя отырып, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі қылмыстарын үнемі еске салып отыратын Шығыс Азия мемлекеттерінің антижапондық көзқарастарына қарсы тұру, экономикалық жағдайды дамыту, Қытаймен қарым-қатынасты біржақты шешу болды. Осылайша, Абэ Доктринасы бойынша бірнеше қағидалар құрылып, олардың негізінде Жапонияның ішкі және сыртқы саясатындағы өзгерістерді енгізу мен даму процестері жүргізіле бастады. Алайда, осы Доктрина қабылданғаннан бері біраз жылдар өтті, ал Синдзо Абэнің кабинеті жаңа премьер-министрдің басқармасына көшті. Бұл мақалада Абэ Доктринасының мақсаттары, оның нәтижелері мен салдары, сондай-ақ Доктринаның Жапония сыртқы саясатына тигізген әсері мен өзгерістері талқыланады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Самархан, Д. і Ашинова, Ж. 2023. ЖЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ СИНДЗО АБЭ ДОКТРИНАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 28–38. DOI:https://doi.org/10.51889/4874.2022.93.36.003.