Мақалада балалар үйінде тәрбие алушылардың девиантты мінез-құлықына психологиялық, социологиялық және философиялық көзқарас тарапынан салыстырмалы талдау және жүйелік әдеби шолу көрсетілген. Жүйелік әдеби шолу американдық, европалық, британдық, азиялық авторлардың балалар үйінде тәрбиеленушілердің девиантты мінез-құлқы мен отбасы құрылымының байланысы бойынша зерттеулерге негізделеді.
Бұл мақалада негізгі назар балалардың девиантты мінез-құлқының феноменіне және бұған жаһандық контекстегі отбасылық комбинациялар қалай әсер ететініне аударылды. Мақалада дәстүрлі отбасында, баласы бар алайда ажырасқан отбасыларда, баланың тек әкесімен немесе анасымен қалған отбасыларда, бала асырап алған отбасыларда, балалар үйінде тұратын немесе ата-анасынан ажыратылған отбасылардағы тәрбиеленуші балалардың девиантты мінез-құлқына талдау берілген.