Мақалада балалар үйінде тәрбие алушылар арасындағы девиантты мінез-құлық мәселелері бойынша теориялық тәсілдер мен тұжырымдамалық түсініктер талданады. Теориялық және концептуалды талдау американдық, европалық, ресейлік авторлар мен ЮНИСЕФ-тің 2011 жығы «Қазақстанның мемлекеттік интернат мекемелерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық: бағалау» атты есебіне сүйенеді.
Бұл мақалада негізгі назар балалардың девиантты мінез-құлқының феноменіне теориялық және концептуалды талдау жасаумен байланысты. Автор мақалада жалпы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің девиантты мінездеріне мысал келтіре отырып, осы уақытқа дейін әлемде жүргізілген бірнеше зерттеулердің нәтижелерін ала отырып, балалар үйінде тәрбиеленушілердің арасында көп кездесетін девиантты мінездерінің түрлерін қарастырады.