Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ӨМІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланды September 2024

196

80

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Bio
×

Сабина Касенова

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

e-mail: onalbaevalb@gmail.com

Bio
×

Ляззат Оналбаева

Оналбаева Ляззат Базарбековна - магистр, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;  «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы» ШЖҚ КМК жаңа туған нәрестелерге арнайы көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Мақалада Оңтүстік Кореядағы өмірдің әлеуметтік аспектілері ғылыми әдебиеттерде әлі жеткілікті зерттелмеген ғаламтор ықпалындағы және цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында қарастырылады. Мақалада нақты материалдар негізінде мәселенің Оңтүстік Кореяның әлеуметтік саласындағы цифрлық трансформация және әлеуметтік желілердің қоғам қызметінің өмір салтына әсері; әлеуметтік желілердің теріс салдары, өмірді цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат сияқты әлеуметтанулық аспектілері қарастырылады.

Оңтүстік Кореяның тәжірибесін әлеуметтанулық зерттеу олардың технологиялық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея Интернет және цифрлық технологиялар саласындағы дамыған елдердің бірі болып саналады.

Әлеуметтік желілер мен цифрландырудың Оңтүстік Корея қоғамына әсері коммуникацияның жақсаруынан, экономикалық өсуден, білім мен ақпаратқа қол жетімділіктен, мәдениеттің таралуынан және азаматтық қатысудың жандануынан көрінеді. Әлеуметтанулық зерттеу интернет кеңістігінде пайдаланушылар көбейген сәттен бастап желідегі алаяқтар, фишинг және хакерлік шабуылдар саны да артқанын көрсетеді.

Цифрлық кеңістіктегі қылмыскерлердің қаупін ескере отырып, Оңтүстік Корея үкіметі интернет қауіпсіздігіне жағдай жасайды. Оңтүстік Кореяның цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибесі Қазақстан үшін құнды үлгі болып табылатынын атап өткен жөн. Мақалада талқылау мәселелеріне де назар аударылады.

pdf (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
Касенова, С. і Оналбаева, Л. 2024. ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ӨМІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 87, 3 (Вер 2024), 5–21. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2024.87.3.007.