Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ОЙЫН ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ СТРАТЕГИЯСЫ

Жарияланды December 2024

157

78

НЕОМА бизнес мектебі

Bio
×

Бисвас Индпанил

НЕОМА бизнес мектебінің қауымдастырылған (доцент) профессоры, математик. Руан қ., Франция.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

e-mail: oralbek.y@mail.ru

Bio
×

Оралбек Ысқақ

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, конфликтология мамандығы бойынша 2-курс докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Саясаттану және философия факультеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Мақалада шиеленістерге әкелетін қоғамдық мәселелердің себептері мен әлемдік тәжірибеде басқаруға және өлшеуге болатын Ойын теориясы қарастырылады. Ойын теориясы бастапқыда қолданылуы жағынан жаратылыстану-математика ғылымдарынан бастау алғанымен, оның механизмі кейін әлеуметтік ғылымдарда да қолданыла бастады. Әлеуметтік себеп пен салдар шешілмеген жаңа теріс әрекеттерге әкелуі мүмкін және ол жаңа мағынаға ие болуы мүмкін. Әлеуметтік қақтығыстар саяси қақтығыстарға ұласып кеткенде, мемлекет бақылауы біраз уақытқа дейін шыдамауы мүмкін. Ал жаңа дәуірдегі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты ескі әлеуметтік әдістер көп жағдайда оң нәтиже бермейді. Сондықтан https://mit.dulaty.kz/ ойын теориясы негізінде қол жеткізілген нәтижелерді математикалық модельдеу барысында біз қақтығыстарды болжауға мүмкіндік аламыз. Мақалада ойын теориясын қолдану барысында қалай жүзеге асыруға болатынына қатысты мысалдар келтірілген.

 

pdf (English)