Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕНГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДА ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды December 2024

81

18

Флорида Мемлекеттік Университеті

Bio
×

Цуй Мин

PhD, профессор, Флорида штаты университетінің профессоры (Таллахасси қ., Флорида шататы, АҚШ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Bio
×

Мәншүк Түктібаева

 Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және Саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығының 3 курс докторанты, Алматы қ., ҚазақстанРеспубликасы;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: t.kilybayev@gmail.com

Bio
×

Талғат Килыбаев

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті (Алматы, Қазақстан)

Аңдатпа

Мақалада авторлар 2023 жылы өткізілген сапалық зерттеудің деректеріне сүйене отырып, жалғызбасты отбасында тәрбиеленген балалардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін анықтауға тырысты. Мақаланың негізгі мақсаты - жалғызбасты отбасылардағы балалардың мінез-құлық үлгілері мен психологиялық-әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін талдау, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау және осы отбасылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Мақалада қолданылған негізгі әдіс - тереңдетілген сұхбат. Алматы қаласында тұратын 50 жалғызбасты ата-анамен (45 ана, 5 әке) жүргізілген сұхбаттар QDA Miner бағдарламасы арқылы талданды. Сұхбат материалдары жалғызбасты отбасылардағы балалардың психологиялық-әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктерін, қиындықтарын және оларды шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері жалғызбасты отбасылардағы балалардың психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бірқатар маңызды факторларға тәуелді екенін көрсетті: отбасының қаржылық жағдайы, екінші ата-ананың қатысу деңгейі, отбасылық қолдаудың сипаты және ата-ана тәрбиесінің стилі. Беделді тәрбие стилін ұстанатын отбасылардағы балалардың эмоциялық тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуі жоғары деңгейде екені анықталды.

Мақаланың практикалық маңыздылығы - алынған нәтижелер жалғызбасты отбасылардағы балалардың психологиялық әл-ауқаты мен әлеуметтік бейімделуін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қызметтерді жетілдіруге ғылыми негіз бола алады. Сонымен қатар, мақалада ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстар білім беру мекемелері мен әлеуметтік қызметкерлердің жалғызбасты отбасылармен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мин, Ц. , Түктібаева , М. і Килыбаев, Т. 2024. ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕНГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДА ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 119–132. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2024.88.4.009.