Қазіргі таңда күнделікті өмірде әлеуметтік медианың қарқынды өсуімен бірге бұл платформалардың әлеуметтік стандарттарға әсер ететіндігін мойындауға болады. Әлеуметтік желілерде әйелдердің бейнеленілуі оларға нақты өмірде қалай қарайтындығын көрсетуі мүмкін. Мақалада Instagram әлеуметтік желісі контекстінде әйелдерге тән бейнелер туралы әлеуметтік-мәдени идеялардың туындауы қарастырылады. Зерттеу интернеттің виртуалды кеңістігіндегі коммуникативті орта жағдайларына бейімделген И. Гоффманның әлеуметтік драматургиясы тұжырымдамасына негізделген. Зерттеудің өзектілігі қазіргі әйелдердің өміріндегі әлеуметтік желілік медианың үнемі өсіп келе жатқан рөліне байланысты. Мақаладағы зерттеу нәтижелері бірқатар тереңдетілген интервью жүргізу және Instagram әлеуметтік желісінің контентін дискурс-талдау барысында алынған эмпирикалық деректерге негізделген. Зерттеудің объектісі әлеуметтік желілік медиадағы әйелдер бейнелері болып табылады.
Əлеуметтік желілік медиа дискурсындағы əйелдер бейнелерінің конструкциялануы
Жарияланды June 2021
104
69
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қалдыбек, С., Шеденова , Н. і Каримова, .Ж. 2021. Əлеуметтік желілік медиа дискурсындағы əйелдер бейнелерінің конструкциялануы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 72, 4 (Чер 2021), 133–139. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-8940.19.