Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САУДА ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланды December 2025

54

69

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: janelya_9743@mail.ru

Bio
×

Балжан Нурханова

Нурханова Балжан Тастанбековна - 8D03103-«Әлеуметтану» мамандығы докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Анкара университеті

Bio
×

Абдуллах Гюндогду

Аблуллах Гюндогду - профессор, тарих ғылымдарының докторы, Анкара университеті, Анкара, Түркия

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

Нурсултан Каражанов

Каражанов Нурсултан Серикович - әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

Айнур Досжанова

Досжанова Айнур Женисбековна - Хореография және Арт менеджмент кафедрасының  аға оқытушысы, магистр, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақала Алматы қаласындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының (СОО) қала тұрғындарының әлеуметтік-мәдени өміріндегі рөлін зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – СОО-лардың қала тұрғындарының бос уақытын өткізу әдеттеріне, әлеуметтік байланыстарына және тұтынушылық мінез-құлқына әсерін кешенді талдау. Зерттеуде сандық әдіс қолданылып, сауалнамаға18 жастан асқан 375 респондент қатысты.

Нәтижелер СОО-лардың, әсіресе жастар үшін, негізгі демалыс орнына айналғанын көрсетті: респонденттердің 90%-ға жуығы айына кемінде бір рет барады. Бұл орындар достармен және отбасымен кездесетін маңызды әлеуметтік кеңістік («үшінші орын») қызметін атқарады. Қызмет сапасына қанағаттану деңгейі жоғары болғанымен , СОО-лар тұрғындардың импульсивті сатып алуына (44%) және жоспардан тыс шығындар жасауына ықпал ететіні анықталды.

Қорытындылай келе, СОО-лар тек сауда нысаны емес, сонымен қатар қаланың әлеуметтік-мәдени өмірін қалыптастыратын, тұтыну әдеттерін өзгертетін және қоғамдық қатынастарды нығайтатын көпфункционалды орталық.

pdf