Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды June 2025

86

89

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: tastanovaassem90@gmail.com

Bio
×

Асем Тастанова

Tastanova Assem - PhD doctoral Student, Abay Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan;

Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті

Bio
×

Гаухар Абдуразакова

Абдуразакова Гаухар Абдикаримовна - магистр, Қоғамдық -гуманитарлық пәндер кафедрасының  аға оқытушысы, Әлеуметтік –гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті. Алматы қ., Қазақстан Республикасы;  

University SDU

Bio
×

Құдайберді Бағашаров

Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы – PhD, Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры,СДУ университеті, Қаскелең қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация

Экстремизм мен оның ең «шектен» шыққан түрі – терроризм мәселесі адамзатқа қарсы тұруға бағытталған жаңа құбылыс емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде деспоттық басқарушылар мен беделді тұлғалар билік пен үстемдік үшін басқаларды жою құралы ретінде эксртемизмді пайдаланған. Осы мәселеге байланысты автор экономикалық жағынан дамыған елдердің жаһандық экстремизм және терроризм проблемасын шешуге бағытталған іс-қимылдары мен халықаралық-құқықтық негізіндегі тәжірибесіне өзіндік ғылыми шолу жасады. 

Мақаланың мақсаты халықаралық нормаларға сай адамдардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен бостандығын, сондай-ақ мүдделерін экстремистік әрекеттерден қорғауға бағытталған өркениетті елдер тәжірибесінің маңыздылығын қарастыру. Негізгі мәселелерді талқылаумен қатар, бүгінгі таңда бүкіл әлемде орын алып жатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің әртүрлі бағыттарымен күрес жүргізу үшін халықаралық деңгейде қарсы тұру мәселесіне қатысты өз идеяларын ортаға салған зерттеушілердің пікірлері мен тұжырымдарын ұсыну. Зерттеу нәтижесі экстремистік және лаңкестік топтарды қару-жарақ қолдану арқылы қырып-жою мүмкін еместігін көрсетеді. Сондықтан экстремизмнің пайда болуына себеп болатын факторларды объективті түрде зерттеп, олармен «үйлесімді диалог» орнату керек.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Тастанова, А. et al. 2025. ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 65–80. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.90.2.004.