Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды December 2025

48

113

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

e-mail: nazymjanai@gmail.com

Bio
×

Назым Тлеуова

Тлеуова Назым Жолбарысовна аға оқытушы, магистр, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Bio
×

Жазира Аширова

Аширова Жазира Уәлиханқызы – PhD, аға оқытушы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Bio
×

Камшат Утеева

Утеева Камшат Құрманбайқызы – аға оқытушы, магистр, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Bio
×

Ринат Саликжанов

Саликжанов Ринат Саттарович - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, асс.профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация

 Елімізде соңғы онжылдықтарда жасөспірімдердің өмір салты айтарлықтай өзгеріске ұшырап, физикалық белсенділік деңгейі төмендеп, салдарынан олардың аз қозғалуға әкелетін өмір салтының қалыптасуына алып келді. Жасөспірімдердің физикалық белсенділігі мен спортқа қызығушылығын арттыру болашақта халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.  Зерттеудің мақсаты жасөспірімдердің спортпен айналысуға әсер ететін мотивациялық факторлардың гендерлік ерекшеліктерін анықтау. 

  Мақалада жастарды спортпен айналысуына әсер ететін мотивтерді зерттеу үшін Астана қаласының 13-17 жас аралығындағы (N=300) мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша жасөспірімдердің спортқа қызығушылықтарына әсер ететін негізгі фактор ретінде ата-аналар екені анықталды. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, жастардың физикалық белсенділігіне кері әсер ететін факторлар келесідей жіктеледі: жекелік, әлеуметтік-экономикалық және географиялық. Гендерлік ерекшелік бойынша қыз балаларда басты кедергі сабақтан шаршау, жалқаулық, бос уақыттың шектеулігі болса, ер балалар үшін жалқаулық, шаршау болды. Жасөспірімдердің мотивациялық факторларын талдау негізінде спортпен айналысуына физикалық, психологиялық және эмоционалды факторларды ескерудің маңыздылығы анықталды. Жалқаулық, шаршаңқылық, қызығушылықтың болмауы сияқты мінез-құлықтарымен күресудің жолдары ұсынылды. Ол ата-аналармен бірге салауатты өмір салтын насихаттау, еліміздің әр өңірлерінде мемлекеттік "Damubala" сияқты тегін спорттық үйірмелер мен секциялар түрлерін кеңейту және одан әрі қаржыландыру, медиа мен әлеуметтік желілер де спорттағы жетістікке жеткен тұлғалар бейнесін насихаттаумен жүзеге асырылады. Жасөспірімдердің спортпен айналысу мотивтерін және олардың спортқа қызығушылықтарының артуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау жасөспірімдердің физикалық белсенділігін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Тлеуова, Н. et al. 2025. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 92, 4 (Груд 2025), 33–48. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.92.4.001.