Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТЫ ЖОҚ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды December 2025

58

53

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

e-mail: gulden.qali@gmail.com

Bio
×

Гүлден Қалиева

Қалиева Гүлден Бауржанқызы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Bio
×

Ақерке Абаған

Абаған Ақерке Болатбекқызы – доцент м.а., PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қиыр шығыс кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында 2014 жылы визасыз режим қалыптасты. Қос мемлекеттің ынтымақтастығының берік ұстанымдары аясында жасалған келісім, ресми түрде екі тараптың мемлекет басшыларының ресми қатысуымен орын алды. Алайда, визасыз режимнің орнауы Кореядағы қазақстандық заңсыз еңбек иммигранттарының күрт өсуіне алып келді. Бұл зерттеу жұмысында, Корея Республикасындағы қазақстандық заңсыз еңбек мигранттарының  әлеуметтік мәселелерінен бөлек, олардың заңсыз еңбекке бару мотивтері мен себептері қарастырылады. Қазақстандық еңбек мигранттары арасында виза, медициналық сақтандыру, жалақы, адам құқықтары аясында түрлі мәселелер орын алады. Бүгінде Қиыр Шығыс еліндегі заңсыз еңбек етуші қазақстандықтардың жылдан жылға өсуі екі мемлекет үшін де дер кезінде шешімін табуы керек мәселеге айналды. Соңғы уақытта қос мемлекет арасындағы заңды еңбек етуге ресми келісімдердің орнауы жүзеге асуда. Зерттеу бұл келісімнің келешекте  қаншалықты маңызды екендігіне баға береді. Сондай-ақ,  ғылыми жұмыс қазақстандық заңсыз еңбек мигранттарының виза мәселесі, тұрақсыз жалақы мен медициналық сақтандыру сынды мәселелердің себебін анықтайды. Зерттеу жұмысында әлеуметтік желі, БАҚ ақпарат көздері және мигранттардан алынған сұхбаттар, мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалардың шығарған үкімдеріне талдау жасалынды. Мәселені зерттеу аясында, Корея Республикасындағы миграциялық орталық пен жауапты мамандардан сұхбат алынды. Кореяда еңбек ететін заңды құжаты жоқ Орта Азиялық және Қазақстан еңбек мигранттарымен сұхбат мақсатында кездесулер болды. Оңтүстік Кореяның еңбек саясаты мен заңнамасына талдау жасалынды.
pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Қалиева, Г. і Абаған, А. 2025. ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТЫ ЖОҚ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 92, 4 (Груд 2025), 171–183. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.92.4.007.