Мақала Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатындағы аймақтық және екіжақты дипломатия саласындағы басты бағыттар мен басымдықтарды ашуға, сондай-ақ аймақ елдерінің Қытай Халық Республикасымен байланыстары деңгейін анықтауға арналған. Орталықазиялық республикалардың соңғы жылдардағы сыртқы саясаттағы өзекті мәселелер, олардың алға қойған міндеттері, мемлекеттік саясаттағы трансформация нормативті құжаттар негізінде талданды. Олардың ішінде аймақ елдерінің мемлекет дамуының стратегиялық бағдарламалары, сыртқы саяси концепциялары Орталық Азияның болашақ дамуындағы, халықаралық қатынастардағы бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Сыртқы саясатты шығыстағы көршісіне басымдық берген аймақ елдері Қытайды ең алдымен өзінің басты сауда серіктесі ретінде қарастырады. Мақала сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жүзеге асырылуы және оған орталықазиялық республикалардың белсенді түрде кірігуі, «Адамзаттың ортақ тағдыр қауымдастығын» бірлесіп құру, «Орталық Азия+Қытай» форумының нақты шешімдері мен қадамдарын алға бастыру мәселелерін қарастырады.

