Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Жарияланды September 2025

81

48

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

e-mail: manshuk_nur91@mail.ru

Bio
×

Мәншүк Түктібаева

Түктібаева Мәншүк Ерсінқызы –Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығының 3 курс докторанты,  Философия және Саясаттану факультеті, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

2Флорида штатының университеті

Bio
×

Минг Цуй

Минг Цуй - PhD, профессор, Флорида штаты университетінің профессоры, Таллахасси қ., Флорида шататы, АҚШ;

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

Султанкожа Амитов

Амитов Султанкожа Абдукадырович – әлеуметтану ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Бұл зерттеудің мақсаты әртүрлі мәдени контексттердегі балалардың әлеуметтенуі мен мінез-құлқына отбасы құрылымының әсерін социологиялық зерттеу әдістемесін талдау болып табылады. Еуропа, АҚШ және Азия елдеріндегі толық емес отбасыларда тәрбиеленетін балалардың өмірін социологиялық зерттеу әдістемелерін қарастыру, сондай-ақ олардың жағымсыз салдарды жеңілдететін факторларды анықтауға ерекше назар аударылады.

Зерттеудің әдіснамалық негізіне социология саласындағы еуропалық, американдық және азиялық ғалымдардың 42 дереккөзіне әдеби шолу, әдіснамалық тәсілдерді салыстырмалы түрде  талдау, сондай-ақ алдыңғы зерттеулердің эмпирикалық деректерін зерттеу кіреді. Ғылыми жарияланымдарды контент-талдау, салыстырмалы-тарихи талдау әдістері және отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық стратегияларын салыстыру қолданылды.

Зерттеу нәтижелері толық емес отбасыларда тәрбиеленетін балалардың әлеуметтік, эмоционалдық және білім беру салаларында жиі қиындықтарына ұшырайтынын көрсетеді. Мемлекеттік қолдау (қаржылық көмек, білім беру қызметтері, психологиялық кеңес беру) олардың жағымсыз салдарын азайтады.

Жалғызбасты ата-аналарды қолдаудың кешенді шаралары мен білім беру бастамаларынан тұратын Еуропаның дамыған әлеуметтік қорғау жүйесі жағымсыз салдарларды азайтады. АҚШ-та әлеуметтік көмек деңгейі отбасы мен тұрғылықты штатының экономикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, зерттеулер отбасылық құрылымның когнитивті даму мен қоршаған ортаның тұрақтылығына әсерін көрсетеді.  Азия елдерінде үлкен (кеңейтілген) отбасы балалардың бейімделуінде маңызды рөл атқарады, бірақ кейбір елдерде толық емес отбасыларды әлеуметтік стигматизациялау олардың әлеуметтенуін қиындатады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы толық емес отбасылардағы балалардың мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторларды анықтау болып табылады. Жұмыс нәтижелері социология, психология және педагогикалық зерттеулерде, сондай-ақ қазіргі демографиялық өзгерістер жағдайында отбасыларды әлеуметтік қолдау стратегияларын құруда қолданылуы мүмкін.

pdf (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
Түктібаева, М. et al. 2025. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 174–197. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.91.3.011.