Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ТАҢДАУ МОТИВАЦИЯЛАРЫН ТҮСІНУ

Жарияланды June 2025

81

76

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

e-mail: meru_12_12@mail.ru

Bio
×

Меруерт Шнарбекова

Шнарбекова Меруерт Какпанбаевна - PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының қауымдастырылған профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Bio
×

Ултай Муталип

Муталип Ултай – әлеуметтану ғылымдары магистрі,Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар және өнер институты директорының орынбасары, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы

Аннотация

Мақалада  жоғары сынып оқушыларының  кәсіби таңдау мотивтері туралы классиктерден бастап заманауи әлеуметтанушылардың ойлары мен ғылыми тұжырымдарына талдау жүргізіледі. Тәуелсіздік жылдарында халықаралық стандарттарға сәйкес келу жолында кәсіби білім беру саласында ұлттық деңгейде көптеген сапалық және сандық өзгерістер орын алуда. Аталмыш өзгерістер жоғары сынып оқушыларының кәсіби таңдауына да әсер етеді. Кәсіби таңдаудың мотивтерін зерттеу өзектілігі қазіргі қазақстандық қоғам шарттарында білім әлеуметтік мобильділіктің кепілі болуымен және оның жоғары деңгейі елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етумен қатар, жеке адамдардың әл-ауқаты мен әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуы және теңсіздікті жеңуге ықпалдасуымен байланысты.

Мақалада 2023 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Семей және Павлодар сияқты ірі қалаларда жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылған. Зерттеу 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын қамтиды. Зерттеудің іріктеу жиынтығы 1156 респонденттен тұрады. Іріктеу жиынтығықалалық пен ауылдық, жекеменшік (ақылы) мен мемлекеттік, жалпы білім беретін мен тереңдетілген мектепоқушыларын қамтиды. Зерттеудің мақсаты мамандықты таңдау мотивтер классификациясын талдау және әр түрлі мамандықтар бойынша жоғары сынып оқушыларының кәсіби таңдау мотивтерін салыстырмалы талдау. 

Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының мамандықты таңдаудағы басшылыққа алатын мотивтер бес топқа біріктірілді: 1) «қызығушылыққа бығыттылықты», 2) «мансапқа бағыттылық», 3) «әлеуметтік мәртебеге бағыттылық», 4) отбасыға бағыттылық; 5) қолжетімділікке бағыттылықты бейнелейді. Осындай факторлардың ықпалы мен әсер ету деңгейі гуманитарлық, медициналық, техникалық, экономикалық және әскери мамандықты таңдауды жоспарлап отырған жоғары сынып оқушылары бойынша жеке-жеке талданды және ерекшеліктері анықталды.

pdf (English)
Тілі

English

Как цитировать

[1]
Шнарбекова, М. і Муталип , У. 2025. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ТАҢДАУ МОТИВАЦИЯЛАРЫН ТҮСІНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 5–21. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.90.2.001.