Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланды December 2025

84

78

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

e-mail: marzhan-14-03@mail.ru

Bio
×

Маржан Толеуова

Толеуова Маржан Омирбековна - ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі, Экономика және менеджмент факультеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Карағанды қ., Қазақстан Республикасы 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Bio
×

Ажар Беркінбекова

Беркінбекова Ажар Мухамеджанқызы  - ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі, Экономика және менеджмент факультеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Карағанды қ., Қазақстан Республикасы 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Bio
×

Гульзат Жуматова

Жуматова Гульзат Мухаметкаримовна - ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі, Экономика және менеджмент факультеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Карағанды қ., Қазақстан Республикасы  

 

 

 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Bio
×

Улпан Жумаканова

Жумаканова Улпан Сериккановна - ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Экономика және менеджмент факультеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Карағанды қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация

Ақпараттық қоғам күн сайын ұлғайып келе жатқан елдің барлық азаматтарының экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін болмыс. Ақпарат қол жетімді, жедел бола бастайды, ол адамдарға тез әсер етеді, оларды дамыған елдердің өмір салтына ұмтылуға мәжбүр етеді, бірақ кері әсері Қазақстандық ақпараттық аудиовизуалды, телекоммуникациялық, компьютерлік нарықты сапасыз шетелдік өнімдермен толтыру қауіпі жоғары.Ғаламдық ақпараттық қоғам жеке түрде қалыптасады және әртүрлі елдерде бұл үрдіс алуан түрлі қарқындылық пен ерекшеліктермен жүреді, ақпараттық қоғамға көшу дамыған және дамушы елдер үшін жалпы үрдіс болып табылады. Әр ел тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайларға байланысты ақпараттық қоғамға өз жолымен барады. Әртүрлі бағдарламалар мен тұжырымдамаларды талдау ақпараттық қоғамға көшу кезінде өзіне тән қасиеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Олар ақпараттық қоғамға көшу тұжырымдамаларын әзірлеу үшін мемлекет, қоғам, бизнес сектор, жеке тұлға мүдделерінің теңгерімін қолдауға негізделген кешенді тәсілді қолдану, ақпараттық қоғам экономикасы ақпарат пен білімге негізделген экономика екендігі, ақпараттық қоғам үздіксіз білім беру қоғамы екендігі және ақпараттық қоғам тұжырымдамасының гуманистік бағытқа ие болуы.Ақпараттық қоғамның қалыптасуы ақпараттық- коммуникативтік технологияныңның жаңа буынының әсерінен тарихи, әлеуметтік- мәдени, қарқынды экономикалық даму негізінде нарықтардың жаһандануы мен бәсекелестіктің жоғарылауымен бірге жүреді.

 

pdf (Русский)