Қалыптасқан жаһандық әлемдік тәртіп жағдайында Америка Құрама Штаттары мен Қытай ең ықпалды екі ірі держава ретінде Орталық Азиядағы саяси және экономикалық бәсекелестікке көбірек түсуде. Мақалада бұл тақырып теориялық және эмпирикалық тұрғыдан қарастырылады. Сонымен қатар, қалыптасып келе жатқан жаһандық әлемдік тәртіптің маңызы мен теориялық бастаулары ашылып, АҚШ пен Қытайдың осы тәртіп аясындағы рөлдері мен ұстанымдары айқындалып, олардың Орталық Азиядағы саяси және экономикалық бәсекелестігіне әсері талданады. Аталмыш мақалада Қытай мен АҚШ арасындағы Орталық Азиядағы саяси және экономикалық бәсекелестік динамикасы тереңдетіліп қарастырылады. Саяси майданда Америка Құрама Штаттары Қытайдың аймақтағы ықпалын теңестіру үшін геосаяси стратегиялық ұстанымын күшейту арқылы Қытайдың көтерілуіне қарсы тұру үшін дипломатиялық құралдарды қолдануға бейім. Экономикалық жағынан Қытай Орталық Азиядағы сауда-экономикалық ынтымақтастықта АҚШ-пен бәсекелесу үшін трансшекаралық инвестиция мен күшті тұтынушылық сұраныстағы артықшылығын пайдаланып отыр. Мақала қортындысы ретінде Америка Құрама Штаттары мен Қытай стратегиялық ынтымақтастықты арттыру үшін саясатты үйлестіруді қалай күшейтуі керектігі туралы ұсыныстар жасалады. Бұл мақаланың Орталық Азиядағы Қытай мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және аймақтық тұрақтылықты ілгерілету үшін оң әсерлері бар.

