Бұл мақалада қоғамдық санадағы құндылық бағдарларының модернизациялық процестерін түсіну зерттеледі. Құндылықтарды жаңғырту саясатына әлеуметтік-мәдени ықпал ету тәсілдері көрсетілді, «құндылықтар» түсінігің мәні мен мазмұны ашылды, құндылықтарды бағалаудың халықаралық тәжірибесін салыстыру технологиялары әзірленді. Қоғамдық сананың модернизация процестеріне деген қазіргі көзқарасына баға беріліп, модернизацияланатын қоғам құндылықтарының жаңа жүйесінің негізі бола алатын адамгершілік принциптері ұсынылды. Бұл мақалада әлеуметтік-экономикалық дамуды, мәдениет саласындағы өзгерістерді және адам дамуының біртұтас процесі (human development) шеңберіндегі демократияландыруды біріктіретін модернизация теориясының қайта қаралған нұсқасы ұсынылған. Кез-келген қоғамдастықтың әлеуметтік-мәдени шеңбері қоғамның мәдени парадигмасын қалыптастыру арқылы моральдық нормаларды, әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық формаларын анықтайды. Бұл құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әлеуметтік ұйымның негізін қалады. Дегенмен, модернизациядан туындаған жаһандық өзгерістер дәстүрлі құндылықтарды қайта қарауға және жаңа мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға әкеледі.
Бұл мақала әлемдік практика мен теориялық тәсілдерге негізделген құндылықтарды жаңғыртудың негізгі аспектілерін қарастырады. Мақалада осы мәселенің философиялық, әлеуметтанулық және саясаттану негіздерімен байланысты пәнаралық сипаттағы талдау жасалады. Құндылықтардың өмір сүру формалары ашылады, қоғамның әлеуметтік-мәдени қалыптасуының нақты проблемасын түсінуге тарихи экскурсия жасалады. Антропоцентризмнің мәні мен мазмұны оның барлық көріністерінде адам болмысын зерттеудің негізі ретінде қарастырылады. Канттық ережелер призмасы арқылы құндылықтардың этикалық негіздеріне баға беріледі. Жұмыста құндылықтарды модернизациялаудың теориялық негіздерінің шешімдері ұсынылған, әртүрлі елдердің құндылықтарды модернизациялаудағы тәжірибесі көрсетілген.
Мақала авторлары дәстүр мен инновацияның үйлесімін, технологиялық прогрестің рөлін, әлеуметтік құндылықтар мен этиканы, батыстың әсері мен дәстүрлерді сақтауды қарастырады. Жұмыста «Рухани жаңғыру» үдерістеріндегі құндылықтардың эволюциясы мен жаңғыруының рөлі мен орны көрсетілген.

