Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛА САУДАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЯСИ АСПЕКТІСІ

Жарияланды December 2025

41

41

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

e-mail: erkosh_91@mail.ru

Bio
×

Еркебулан Жетписбаев

Жетпісбаев Еркебұлан Серікқалиұлы – Phd докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация

Қазақстандағы бала саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзатын, қоғамның тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзекті мәселе. Әлемдік деңгейде балалардың құқығын қорғау халықаралық конвенциялар мен ұлттық заңнамалар арқылы реттеліп келе жатқанына қарамастан, ел ішінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және құқықтық факторлар бала саудасының өршуіне ықпал етуде. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі бала саудасына әсер ететін негізгі саяси және әлеуметтік факторларды айқындау қажеттілігінен туындайды. Зерттеудің мақсаты – 2018–2022 жылдар аралығындағы ресми қылмыстық статистикаға сүйене отырып, бала саудасының себептері мен ерекшеліктерін анықтау, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау және осы қылмыстың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жасау. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы-құқықтық талдау, тарихи-саяси сараптау, статистикалық деректерді өңдеу және жүйелі саяси талдау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми деректері, ұлттық заңнамалар мен халықаралық құқықтық құжаттар пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бала саудасы көбінесе әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы балаларға қатысты орын алады. 2018–2022 жылдар аралығында бала саудасына байланысты қылмыстық істер санының айтарлықтай өсуі байқалды, ал COVID-19 пандемиясы бұл құбылыстың тереңдеуіне әсер еткен. Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, құқықтық олқылықтар мен әлеуметтік теңсіздік бала саудасын азайтуға кедергі болып отыр. Бұл зерттеу нәтижелері мемлекеттік саясатты жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін дәлелдейді.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Жетписбаев, Е. 2025. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛА САУДАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЯСИ АСПЕКТІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 92, 4 (Груд 2025), 135–153. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.92.4.010.