Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жарияланды June 2025

120

88

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

e-mail: aizhan.shabdenova@kaznu.edu.kz

Bio
×

Айжан Шабденова

Шабденова Айжан Базархановна – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцентінің м. а.,  Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

SDU University

Bio
×

Едил Нурымбетов

Нурымбетов Едил Шаяхметович – PhD докторант, Көпсалалы білім беру орталығы, SDU University, Қаскелең қ., Қазақстан Республикасы;

Аннотация

Мақалада қазақстандық мұғалімдердің кәсіби идентификациясына қатысты әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – мұғалімдердің «ұстаздық» мамандығы туралы пікірлерін және құндылықтарын зерделеу. Көзделген мақсатқа әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларды анықтау, мамандық туралы пікірлерге баға беру, ұстаздардың өз жұмысына қанағаттану деңгейін анықтау арқылы қол жеткізілді. Мәліметтер жинау әдісі ретінде стандартталған сауалнама мақсатты іріктеу арқылы жүргізілді. Сауалнама респонденттер тобында таратылып, сауалнама тілін таңдау мүмкіндігі берілді. Алынған нәтижелер мына статистикалық әдістер арқылы талданды: жиілік анализі, сипаттамалық статистика көрсеткіштерін енгізу, байланыс кестелері мен Хи-квадрат тестін қолдану, факторлық және регрессиялық талдау және модельдердің сапасын бағалау. Зерттеу нәтижелері ұстаздардың кәсіби идентификациясы өзара байланысты аспектілер болып табылатынын көрсетті, оған ұстаздың кәсіби рөлдерін, құзыреттіліктерін және білім беру процесіндегі орнын түсіну кіреді. Кәсіби идентификация ұстаздың педагогикалық мамандыққа тиесілігін сезінуін, оның құндылықтық ұстанымдары, кәсіби мақсаттары мен көзқарастарын, сондай-ақ педагогикалық қызметтің нормалары мен стандарттарын қабылдауы дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері мұғалімдердің 82%-ының өз жұмысына қанағаттанатынын көрсетті, бұл көрсеткішке бірінші кезекте кәсіби мүмкіндіктердің материалдық факторы әсер етеді, екінші орында кәсіби идентификация тұрады, сондай-ақ ұстаздардың құндылық ұстанымдары да әсер етеді. Ұстаздардың өз жұмысына қанағаттану деңгейіне жасы, еңбек өтілі, жұмыс істейтін мектеп түрі және орналасқан жері әсер етпейтіні анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – отандық мұғалімдердің кәсіби тобы туралы түсініктер мен көзқарасты қалыптастыру, бұл өз кезегінде басқарушылық шешімдер қабылдауға және ұстаздардың кәсібін мақсатты қолдауға арналған тиімді стратегияларды әзірлеуге ықпал етеді.

pdf (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
Шабденова, А. і Нурымбетов, Е. 2025. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 22–39. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.90.2.002.