Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫСУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ

Жарияланды June 2026

3

3

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

Bio
×

Светлана Кожирова

Кожирова Светлана Басейовна - Cаясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

e-mail: elenech@inbox.ru

Bio
×

Елена Нечаева

Нечаева Елена Леонидовна - Cаясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы

Bio
×

Константин Сыроежкин

Сыроежкин Константин Львович – Саяси ғылымдарының докторы, Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы, Алматы қ., Қазақстан

Аннотация

Мақалада цифрлық қоғамның дамуы және мемлекет пен азаматтар арасындағы электрон-дық өзара іс-қимыл тетіктерінің кеңеюі жағдайында Қазақстан Республикасындағы азаматтық қатысудың цифрлық нысандарының саяси белсенділіктің трансформациясына ықпалы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қоғамдық-саяси үдерістердегі цифрлық технологиялар-дың рөлінің артуымен, азаматтардың қоғамдық қатысуының дәстүрлі тетіктерінің өзгеруімен және қоғамдық коммуникацияның жаңа арналарының қалыптасуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы цифрландырудың азаматтық қатысу мен саяси белсенділік-тің өзгеруіне әсерін талдау, сондай-ақ цифрлық азаматтықтың дамуына байланысты негізгі үрдістерді, мүмкіндіктер мен шектеулерді анықтау болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін институционалдық және жүйелік тәсілдер, ғылыми әдебиеттерді талдау, нормативтік-құқықтық құжаттар мен цифрлық платформаларды контент-талдау, кейс-талдау және социологиялық сауалнама әдістері құрайды. Эмпирикалық база ретінде негізінен 18–25 жас аралығындағы жастардан тұратын 156 респонденттің онлайн сауалнама нәтижелері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері цифрлық платформалардың, әлеуметтік желілердің, электрондық өтініштер мен онлайн петициялардың азаматтық қатысу мен қоғамдық бақылаудың маңызды құралдарына айналғанын көрсетті. Азаматтық белсенділіктің ең кең таралған цифрлық түрлері ретінде әлеуметтік желілерде қоғамдық маңызы бар ақпаратты тарату және онлайн петицияларға қатысу анықталды. Сонымен қатар цифрлық азаматтық қатысудың дамуын халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, цифрлық қатысу тетіктерінің тиімділігіне деген сенімнің төмендігі және цифрлық теңсіздіктің сақталуы тежейтіні анықталды.

Pdf (Русский)
Тілі

Русский

Как цитировать

[1]
Кожирова, С. et al. 2026. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ АЗАМАТТЫҚ ҚАТЫСУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 171–186. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.015.