Мақалада Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерцияның дамуы экономикалық қана емес, институционалдық және әлеуметтік үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – сауданы цифрландырудың қазіргі серпінін, негізгі шектеулерін және ұзақ мерзімді даму перспективаларын кешенді бағалау. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу екіншілік деректерді тал-дауға негізделді: Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2022–2024 жылдарға арналған ресми материалдары, Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем статистикасы, сондай-ақ OECD, World Bank және UNCTAD есептері пайдаланылды. Деректер динамикалық, салыстыр-малы-институционалдық және әлеуметтік-экономикалық талдау әдістері арқылы интерпретация-ланды. Зерттеу нәтижелері 2022–2024 жылдары электрондық сауданың бөлшек саудадағы үлесі 12,5%-дан 14,1%-ға дейін өскенін, ал нарық көлемі 1 963,5 млрд теңгеден 3 156,4 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын көрсетті. Сонымен бірге маркетплейстердің үлесі 56,9%-дан 84,9%-ға дейін артып, нарықтың платформалануы күшейгені анықталды. 2024 жылы халықтың төлем транзак-циялары көлемінің 87%-ы қолма-қолсыз форматта жүргізілгені цифрлық төлем инфрақұрылы-мының жетілуін айғақтайды. Алайда ауылдық және қалалық кеңістік арасындағы цифрлық алшақтық, логистика сапасының өңірлер бойынша біркелкі болмауы, құқықтық реттеу мен тұтынушы сенімінің жеткіліксіздігі электрондық сауданың инклюзивті дамуын шектейді. Қорытындыда электрондық коммерцияны орнықты дамыту үшін бәсекені қорғау, деректер қауіпсіздігін күшейту, логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды теңгерімді дамыту және кәсіпкерлердің цифрлық құзыреттерін арттыру қажеттігі негізделеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САУДАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Жарияланды June 2026
2
4
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
электрондық коммерция
цифрландыру
онлайн сауда
маркетплейс
цифрлық инфрақұрылым
тұтынушылар сенімі
Қазақстан экономикасы
Как цитировать
[1]
Ахметова, А. і Турекулова, Ж. 2026. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САУДАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 31–44. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.003.

