Мақалада Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясаттың эволюциясы тар салалық реттеу шеңберінен шығып, ұлттық дамудың стратегиялық архитектурасымен ұштасқан көпдеңгейлі басқару кеңістігіне айналған үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі демографиялық өзгерістердің мазмұнын, олардың институционалдық логикасын және ұзақмерзімді демографиялық орнықтылыққа ықпал ету әлеуетін бағалау. Әдіснамалық негіз ретінде аралас зерттеу дизайны қолданылып, ұлттық статистика, халықара-лық салыстырмалы деректер, стратегиялық құжаттар және құрылымдық-салыстырмалы талдау біріктірілді. Зерттеу Қазақстандағы демографиялық өзгерістерді туу, көші-қон, урбанизация және қартаюдың жеке-жеке қозғалысы ретінде емес, бірін-бірі күшейтетін әрі шектейтін жүйелік байланыстар жиынтығы ретінде қарастырады. Біз қазіргі ахуалды «өсімнен орнықтылыққа өтудің» кезеңі деп пайымдаймыз: халық санының артуы мен салыстырмалы жоғары фертиль-ділік елге қолайлы мүмкіндік терезесін ашқанымен, бұл артықшылық әлеуметтік инфрақұры-лымның сапасымен, аймақтық теңгеріммен, көші-қонды басқару тиімділігімен және қартаюға институционалдық бейімделумен бекітілмесе, ұзақмерзімді дивидендке айналмайды. Мақалада демографиялық саясаттың жаңа мазмұны адами капиталды ұдайы өндіру, кеңістіктік дисбаланс-ты әлсірету, күтім экономикасын күшейту және дерекке негізделген өңірлік басқаруды қалып-тастыру міндеттерімен сабақтастырылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан үшін демографиялық орнықтылық халық санының механикалық сақталуы емес, демографиялық құрылымның сапа-лық теңгерімі мен әлеуметтік институттардың бейімделу қабілетіне тәуелді екенін көрсетеді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Жарияланды June 2026
2
2
Аннотация
Тілі
Қазақ
Кілттік сөздер
демографиялық саясат
демографиялық трансформация
демографиялық орнықтылық
адами капитал
көші-қон
урбанизация
қартаю
Қазақстан
Как цитировать
[1]
Нурпейсова, Д. et al. 2026. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 206–217. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2026.94.2.017.

