Қазіргі заманда жанама жолдармен өзгеге ықпал ету қалыпты жағдайға айналған. Мақалада Оңтүстік Кореяның «жұмсақ күш» стратегиясының қалыптасу ерекшеліктері мен дамуы қарастырылады. Авторлар «жұмсақ күштің» теориялық негіздерін, оның қалыптасуының тарихи аспектілерін, сонымен қатар, Корея Республикасының аталмыш саясаттағы мәнін сараптайды. Сондай-ақ, авторлар корей толқыны «халлюдың» корей ұлттық экономикасына тиімді екенін тұжырымдай келе, «жұмсақ күштің» болашақтағы перспективасына болжам жасайды. Корей үкіметі корей толқынының әлемдік деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкіндігін алдын ала болжай алмағандығымен өзін танытатын жұмсақ күштің негізгі құралының бірі екендігіне көз жеткізді. 1990 жж. бастау алған осы бағыт мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты.
Корея Республикасының «Жұмсақ күш» стратегиясының қалыптасуы мен мазмұны
Жарияланды June 2021
249
230
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Борантаева, Ф. і Байсултанова, К. 2021. Корея Республикасының «Жұмсақ күш» стратегиясының қалыптасуы мен мазмұны. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 70, 2 (Чер 2021), 9–14. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-8940.01.