Отбасы жеке адамның рухани, мәдени, тұлғалық, физиологиялық дамуын жүзеге асыратын негізгі әлеуметтік институт болып табылады. Соңғы жылдардағы жаһандық өзгерістер отбасы институтына, отбасы-некелік қарым-қатынастарға өзінің ықпалын тигізіп, жұртшылықтың алаңдауын туғызып отырған отбасы дағдарысын дүниеге әкелді. Қазақстандық отбасы институтының трансформациялануы дәстүрлі отбасылық қарым-қатынас түрінен өзге жағымсыз үрдістер белең алуына ықпал етті. Соның бірі - қазіргі уақытта жалғызбасты аналардан тұратын толық емес отбасы санының артуы. Мақалада жалғызбасты аналар санының көбеюінің психологиялық, әлеуметтік- мәдени себептері қарастырылады. Жалғызбасты аналар қазіргі заманғы неке-отбасы қатынастарының вариативті бір түрі ретінде сипатталады.
Қазіргі қазақстандық қоғам жəне жалғызбасты аналар мəселеcі
Жарияланды June 2020
306
217
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Авсыдыкова, К. і Еламанова, А. 2020. Қазіргі қазақстандық қоғам жəне жалғызбасты аналар мəселеcі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 192–200. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-8940.27.