Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КОНТЕКСТІНДЕ МӘСЛИХАТ ҚҰРАМЫН КЕҢЕЙТУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Жарияланды June 2025

120

83

ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты

e-mail: erkebulanzhumashov@gmail.com

Bio
×

Еркебұлан Жұмашов

Жұмашов Еркебұлан Әлімханұлы – PhD, ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институтының» директорының орынбасары,  Астана қ., Қазақстан Республикасы

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты

Bio
×

Нұрбек Пұсырманов

Пұсырманов Нұрбек Серікұлы – PhD, ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институтының» директоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Bio
×

Жомарт Симтиков

Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы – саяси ғылымдар докторы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының «Саясаттану және әлеуметтік-философия пәндері» кафедарасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты

Bio
×

Қуандық Какимов

Какимов Қуандық Кенесарыұлы – ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институтының» ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан Республикасы

Аннотация

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды сол әкімшілік-аумақтың әкімдігі және мәслихаты жүзеге асырады. Заңнамаға сәйкес әкімдікке – жергілікті атқарушы органның, ал мәслихатқа – жергілікті өкілді органның функциясын жүзеге асыру құзыреті берілген. Осыған дейінгі академиялық зерттеулердің нәтижелері республиканың жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылысында маңызды рөл алатын мәслихаттар институты қызметінің тиімділігін арттыру үшін әрі қарай жетілдіруді қажет ететін компоненттердің барын анықтады. Жетілдіруді қажет ететін компоненттердің бірі ретінде жергілікті өкілді органның құрамында әкімшілік-аумақтағы әлеуметтік стратификацияның мейлінше көбірек өкілдігін қамтамасыз ету үшін депутаттар санын көбейту ұсынылды. Бұл мақала осы ұсыныстың ғылыми негізділігін зерделеу мақсатында жазылды. Мақала авторлары ретроспективалық талдау жүргізу және Рейн Таагепера дәйектеген санның үшінші дәрежесінің түбірі моделінің көмегімен облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы мәслихат депутаттары сандық құрамы мен демографиялық жағдайды салыстырды. Жүргізілген зерттеудің нәтижесі мәслихат депутаттарының санын көбейту қажеттілігі туралы ғылыми және сарапшылық пікірді қуаттады. Мақала нәтижесі жергілікті билік органдарын күшейту контекстінде практикалық маңыздылыққа ие, ал теориялық маңыздылығы жергілікті басқару саласындағы академиялық дискуссияға қосатын үлесімен анықталады.  

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Жұмашов, Е. et al. 2025. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КОНТЕКСТІНДЕ МӘСЛИХАТ ҚҰРАМЫН КЕҢЕЙТУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 95–108. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6270.2025.90.2.006.