Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

Авторларға арналған нұсқаулық

Жалпы қойылатын талаптар: 

  1. Редакциялық алқа журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды.
  2. Қолжазбалар тақырып бойынша өзекті, ғылыми және практикалық тұрғыдан маңызды, композициялық тұрғыдан нақты құрылымдалған (проблеманы қою, шешу жолдары, тұжырымдар мен ұсыныстар) болуы тиіс.
  3. Мақала жақсы қазақ, ағылшын немесе орыс тілдерінде жазылуы керек. Мақала көлемі (аңдатпаны, авторлар туралы мәліметтерді және әдебиеттер тізімін есептемегенде) 3000– 12000 сөз.
  4. Мақала авторларының саны ақылға қонымды болуы керек. Жеке файлда авторлар туралы толық ақпаратты 3 тілде ұсынуы керек
  5. Журналға ұсынылған мақалалар басқа жерде жариялау үшін қарастырылмауға тиіс.
  6. Мақала мәтіні Microsoft Word форматында беріледі, ал түпнұсқа қолтаңбалары бар ілеспе құжаттар хатқа PDF немесе JPG форматында жүктеледі. Соңғы бет кемінде 80% толтырылған болуы тиіс.
  7. Егер мақалада бірнеше автор болса, онда барлық авторлар қол қойған ілеспе хат қоса берілуі керек.  Ілеспе хат төменде қараңыз
  8. Microsoft Word мәтіндік редакторы.  Times New Roman компьютерлік жазу кегль 12.   Жиектері: оң және сол жағы – 2 см, жоғарғы және төменгі жағы – 2 см, 1 аралықтан кейін.

Мақаланың негізгі элементтері:
Қолжазбаны ресімдеу кезінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған метадеректердің мынадай құрылымын ұстану қажет: 

ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) – мақала тілінде (https://grnti.ru/)
Мақала авторының тегі, аты, әкесінің аты; "*" белгімен автор-корреспондент белгіленеді; жұмыс (оқу) орны, қала, ел; ORCID iD (https://orcid.org/ )
Мақала аты (7-10 сөзден тұруы тиіс, қысқартусыз, сөздердің саны бойынша асып кетуге жол берілмейді).
Андатпа (сіздің зерттеуіңіздің мақсаттары мен міндеттері ұсынады; зерттеу әдіснамасын қысқаша түсіндіреді; сіз қол жеткізген нәтижелер туралы айтылады; зерттеудің ғылым үшін маңыздылығы негізделеді. 150 сөзден кем емес, 300 сөзден артық емес).
Түйін сөздер (сөз тіркестер нүктелі үтірмен бөлінген түйін сөздер (5-8 сөз).
Кіріспе (Жалпы мәтін көлемінің ~15%; орташа 450-500 сөз); Кіріспесі. Неліктен зерттеу жүргізілді? Не зерттелінді, зерттеу мақсаты, қандай болжамдар сыналды?  Ғылыми әдебиеттерге шолу:Тақырып бойынша негізгі авторлардың жұмыстарын сипаттау, Қорытындыға негіз болатын зерттеудің негізгі тұстары қысқаша сипаттау.
Зерттеу әдіснамасы (жалпы мәтін көлемінің ~22–23%; орташа 700–750 сөз); Зерттеу әдістемесі және оның негіздемесі қандай? Мәліметтерді талдау әдістерінің сипаттамасы және олардың негіздемесі? Зерттеулер қашан, қайда және қалай жүргізілді? Қандай әдістер қолданылды? Қандай материалдар қолданылды немесе іріктеуге кім енгізілді?
Зерттеу нәтижелері (жалпы мәтін көлемінің ~25–27%; орташа 800 сөз); Талдау барысында қандай нәтижелер алынды? Гипотеза дұрыс тексерілді ме? Нәтижелерді гипотезамен байланыстыру? Маңыздылығын негіздеу?).
Талқылау (жалпы мәтін көлемінің ~25–27%; орташа 750–800 сөз); Нәтижелерді талқылау. Жауап нені білдіреді және неліктен маңызды? Ол басқа зерттеушілер тапқан деректерге қаншалықты сәйкес келеді? Себеп-салдар талдауы? Зерттеудің болашағы қандай?).
Қорытынды (~ жалпы мәтін көлемінің 8–10%; орташа 200–250 сөз); Қорытындылар, ұсыныстар.
Әдебитеттер, References.
Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, романдандырылған әдебиеттер тізімін жасау қажет (транслитерация үшін  http://translit-online  пайдалану). МЕМСТ 7.1-2003 Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Тіркеудің жалпы талаптары мен ережелеріне сәйкес рәсімделеді (жүктеу)

Мақала рәсімдеуге байланысты талаптар мен үлгіні мына жерден жүктеңіз
 Файл / талаптар

Ғылыми мақалаға ілеспе хат

Библиографиялық жазба