Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы

Резенциялау тәртібі

  1. Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы "Әлеуметтану және саяси ғылымдар" сериясы ғылыми журналының редакциясына келіп түскен ғылыми мақалалар талаптарға, дизайн талаптарына және бірегейлікке тексерілген мақалаларға екі жақты анонимді («соқыр») рецензия жасалады.
  2. Редакцияға келіп түскен мақалалар авторға рецензиялау кезінде анонимділікті қамтамасыз ететін жеке тіркеу нөмір беріледі.
  3. Рецензиялау мақалаларға қойылатын талаптарына сәйкес дайындалған және «Антиплагиат» жүйесінде (шекті деңгей 75%) немесе басқа лицензияланған бағдарламада тексерілген ғылыми мақалалар жіберіледі.
  4. Рецензияда міндетті түрде белгіленген талаптарға сәйкес пікір жасалуы қажет:

- ҒТАХР;
- мақала атауы;
- аннотация (Мақала тілінде) 100 сөзден кем емес және 300 сөзден артық емес;
- кілт сөздер (5-8 сөз);
- мақала мәтіні. IMRAD мақаласының құрылымы (кіріспе, негізгі ережелер, зерттеу әдістемесі, әдістер, әдебиеттерге шолу, нәтижелер және талқылау, қорытынды);
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Рецензиялау және техникалық тексеру нәтижелері бойынша мақала қабылданбауы немесе авторларға пысықтауға жіберілуі немесе жариялауға қабылдануы мүмкін.
  2. Авторларға пысықтауға жіберілген қолжазба түзетілген түрде 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылуы тиіс. Осы мерзім өткеннен кейін ол жаңадан түсуші ретінде қаралады. Қайта өңделген қолжазбаға авторлардан жасалған түзетулерді сипаттайтын және рецензенттердің барлық ескертулеріне жауаптары бар ілеспе хат қоса берілуі қажет.
  3. Оң рецензияның болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып табылмайды, жарияланымның орындылығы туралы түпкілікті шешімді журналдың редакциялық алқасы қабылдайды.
  4. Журналдың редколлегиясы мақаланы жариялауға жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін редакциялық - баспа бөлімінің қызметкерлері бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімін көрсетеді.
  5. Қарауға ұсынылған материалдар мен жарияланбаған деректерді рецензенттер автордың(лардың) жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалана алмайды.
  6. Рецензиялау нәтижелері құпия болып табылады. Рецензенттер мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаны қарауға жіберілмейді.

РЕЦЕНЗИЯ ТАЛАПТАРЫ

Рецензент рецензиялау саласындағы этикалық талаптарды сақтауға, сондай-ақ рецензиялау саласындағы журнал саясатын ұстануға міндетті.

Рецензиялау кезінде рецензия үлгісін қолдану ұсынылады (рецензиялау формасын жүктеу). Редакциялық кеңеспен келісе отырып, рецензияны еркін түрде жіберуге болады.

Рецензия ғылыми мақаланы объективті түрде бағалауы керек және мақала мазмұнының журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкестігін; мазмұнның мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі; аңдатпа мен түйін сөздердің сапасы; зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен практикалық маңыздылығы; қазақстандық және шетелдік библиографиялық дереккөздерге сілтемелердің болуы және олардың ГОСТ-қа сәйкестігін жан жақты талдауы керек.

Сондай-ақ, ғылыми материалды көрсетудің айқындылығы, грамматикалық, пунктуациялық және логикалық қателіктердің болуы бағаланады.

Рецензияға рецензент қол қояды, сканердер өткізіліп, журналдың редакциялық кеңесіне жіберіледі және журналдың онлайн жүйесіне хабарлама жіберіледі.

Рецензиялау нәтижелері бойынша рецензент келесі шешімдердің бірін журналдың редакциялық кеңесіне қарауына ұсынады:
- жариялауға қабылдау;
- шартты түрде қабылдау (қайта қарауға жіберу);
- бас тарту.